RU
Толық нұсқаға өту

Еліміздің бірқатар аймағында жаңа нысандар пайдалануға берілді

05.10.2026, 10:52 64

Алматы облысының Боралдай ауылында 344 млн долларға алкогольсіз сусын шығаратын зауыт іске қосылды. 

Жоба шеңберінде 230 тұрғын жұмыспен қамтылды. Солтүстік Қазақстанда 37 млрд теңгеге нан-тоқаш және кондитер өнімдерін шығаратын өндіріс орны ашылды. Ол жылына 15 мың тоннаға дейін өнім өндіреді. Әлеуметтік сала мен көлік инфрақұрылымында бірқатар жобалар жүзеге асты. Көкшетауда жаңартылған теміржол вокзалы қолданысқа берілді. Вокзалда лифтілер мен эскалаторлар орнатылып, ғимарат аумағы абаттандырылды. Қарағанды облысындағы «Нұра» қосалқы стансасында екінші автотрансформатор іске қосылды. Ал Атырау облысының Томан ауылында 80 орындық алғашқы балабақша салынды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz