ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті алаяқтардың ақшасын аударып, қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан «дропперлер» тобының заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды «24KZ».
Семей қаласында жергілікті университеттің алты студенті анықталып, олардан қажетті жауап алынды. Тергеу деректері бойынша, студенттер өздерінің банк карталарын бөтен ақшаны қабылдау үшін пайдалануға берген. Кейін түскен қаражат бөлшектеліп, басқа шоттарға аударылған. Бұл схема ақшаның шығу тегін жасырып, қаржы ағынын бақылауды қиындатуға және оны кейін қолма-қол шешіп алуға мүмкіндік берген.
Анықталғандай, студенттердің тек біреуінің шотына ғана 25 азаматтан 16 миллион теңгеден астам қаражат түскен.
Ақша жіберген азаматтардың барлығы интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер екені анықталды. Олар еліміздің 11 өңірін (Абай, Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан, Атырау, БҚО, Павлодар, Ақмола, Жамбыл, Алматы облыстары және Алматы мен Шымкент қалалары) қамтиды.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Тегтер #Семей университеті #стдуенттер #дроппер #24жаңалықтар #24KZ #алаяқтық схемаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz