RU
Толық нұсқаға өту
фото: depositphotos.com

6-8 қазан: Қазақстанда жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады

05.10.2026, 17:05 51

6-8 қазан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды 24KZ «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ құбылыстары, бұрқасын және екпінді жел болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі, - делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, осы күндері Қазақстанның батысында түнде +2+12°С-қа дейін, күндіз +17+22°С-қа дейін жоғарылайды.

Солтүстік-батыста, солтүстікте түнгі ауа температурасы -1-6°С-тан +3+13°С-қа дейін, күндіз 0,+5°С-тан +5+20°С-қа дейін көтеріледі.

Шығыста және орталықта түнде ауа температурасы негізінен 0,+7°С, күндіз +2+15°С болады.

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнгі ауа температурасы +2+8°С-тан +5+10°С-қа дейін жоғарылайды, таулы аудандарда 1-3°С аяздан 0,+5°С-қа дейін болады. Күндіз ауа температурасы +12+17°С-тан +17+22°С-қа дейін, таулы аудандарда +4+9°С-тан +9+14°С-қа дейін жоғарылайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz