Алматылық құтқарушылар жеті күннен бері шетелдік туристі таба алмай жатыр. Корея Республикасының 73 жастағы азаматы 28 қыркүйекте бір топ адаммен «Шымбұлақ» аспалы жолымен тауға шыққан.
Кейін жалғыз серуендеп қайтатынын айтып, белгісіз бағытқа кеткен. Алайда қонақ үйге сол күйі оралмады. Мамандар бірден жедел штаб құрып, іздеуге шықты. Саяхатшы баруы мүмкін деген сай-сала, жылға мен тау тексерілді. Қазір 90-ға жуық адам Талғар ауданындағы «Ой-Қарағай» курорты маңындағы аумақты қарап жатыр. Іздеу жұмысына кинологтар, жеті дрон және тікұшақ тартылды.
Тегтер #24KZ #Алматы #Корея Республикасы #турист #Шымбұлақ #іздеу жұмыстарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz