Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мәліметінше, құрылыс объектілері рұқсат етілмеген жерге салынған. Тиісті құжаттары да болмаған, деп хабарлайды 24KZ.
Заңсыз нысандардың дені – дүкен, монша және өзге де кәсіпкерлік мақсаттағы ғимараттар. 22 нысанға қатысты материал сотқа жолданып, оның 14-ін бұзу туралы шешім қабылданды. Қалған іс әлі сот өндірісінің қарауында жатыр. Биыл құрылыс талаптарын сақтамағандарға қатысты 314 әкімшілік хаттама толтырылды. Нәтижесінде жалпы сомасы 78 млн теңге айыппұл салынып, тиісті нұсқаулар берілді.
Берік Дүйсенов, Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы:
– 9 айдың ішінде 501 хабарлама түсті. Ол – құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау туралы хабарлама. Яғни жалпақ тілмен айтқанда, рұқсат алу. Біз құрылыс нысанына тексеру ашсақ, ол мысалы біреудің атында болса, сотқа жолдаған кезде оны бұзу бойынша олар алады да, басқа біреуге ауыстырып жібереді. Қазір соған біз міндеттіміз. Үш күн ішінде жолдап, объектіге бұғат салып қоямыз.
Тегтер #24KZ #Шымкент #заңсыз әрекет #сот шешімі #нысандарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz