RU
Толық нұсқаға өту

Қостанайда экотакси паркі ашылды

05.10.2026, 21:45 44

Қостанайда алғашқы экотакси паркі ашылды. Онда тек электромобильдер қызмет көрсетеді. Бастапқы кезеңде жергілікті Аллюр зауытында құрастырылған 65 көлікті такси желісіне шығару көзделіп отыр. Жоба жетекшілерінің айтуынша, жасыл автопарктің экологиялық тиімділігінен бөлек, қаланың көлік инфрақұрылымын дамытуға да септігі тиеді, деп хабарлайды 24KZ.

«Ular Truct» ЖШС бастамашыл болған инвестициялық жобаның құны 500 млн теңгеге жуық. Бұл қаржыға олар Allur зауытынан 65 электромобиль сатып алған. Қазір жүргізушілермен автопарк қызметкерлерін қоса есептегенде 100-ден астамды адамды жұмыспен қамтып отыр.

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

– Әрине, жаңа фабрикалар мен заводтар ашылса, жаңа үйлер салынса, қала да өседі, облыс та өседі. Сонымен бұл тенденцияны біз сақтап, заманауи технологияларымызды міндетті түрде енгізуге тиіспіз. Мінекей, бүгінгі жоба – ол дәл осындай жоба.

Экотаксиге жүргізушіні қабылдаудың талап-шарттары бар. Көлік жүргізу өтілі 2-3 жылдан кем болмауы керек. 8-ден 12-ге дейінгі жоғары жүргізушілік рейтингі болуы шарт. Міндетті түрде медициналық тексерістен өтеді.

Бекназар Серікбай, экотакси жүргізушісі:

– Бензин өте қымбаттап жатыр. Табыс жағынан жақсы, табысы айына Қостанайда тұрақты 300–400 мың шығады. Одан да артық шығаруға болады.

Қалада қазір электромобильдерді қуаттайтын 7 станция бар. Болашақта олардың саны екі есеге артуы мүмкін. Эктотаксиге Яндекс Go сервисі арқылы тапсырыс беруге болады.

Айлау Халитов, «Eco Ular Taxi» жобасының жетекшісі:

– Біз отандық автоөндірушілерді қашанда қолдаймыз. Бұл жоба Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасының мақсат-міндетімен толықтай үндеседі.

Экотакси паркі тәулігіне 5 мыңнан астам тапсырысты қабылдауға әзір. «Болашақта қызмет көрсету аясын одан да кеңейтеміз», – дейді. Ол үшін қосымша тағы 20 электромобиль сатып алу жоспарда бар.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz