RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда Sultan компаниясының 30 жылдығына арналған Sultan Fest өтті

05.10.2026, 22:20 34

Sultan компаниясына – 30 жыл. Қазір «Sultan» бренді елімізде ғана емес, шетелде де кеңінен танымал. Мерейтойға орай компания қала тұрғындары мен қонақтарына мереке сыйлады, деп хабарлайды 24KZ.

Sultan Fest – ұрпақ жалғастығы, отбасылық құндылығы, үлкенге құрмет пен кішіге ізет сияқты қарапайым адами қасиеттерді насихаттайды. 20 мыңға жуық халық жиналған кеш ортақ тарих, музыка және бірлік атмосферасында ұйымдастырылды.

«Сұлтан-элеватор-диірмен-макарон кешені» акционерлік қоғамы – аты айтып тұрғандай, макарон өнімдерін шығаратын үлкен өндіріс. Оған қоса, кондитерлік өнімдер мен ұн ұсынады. 1996 жылы құрылған. «Sultan» сауда белгісімен жасалған өнімдері қысқа мерзім ішінде маркетингтік фирмаға айналды. Қазір кәсіпорын макаронның 30-дан астам түрін шығарады.

Фарида Шынарбекова, Sultan Marketing компаниясының қызметкері:

- Бұл компанияда 2007 жылдан бастап жұмыс жасаймын. Келесі жылы 20 жыл болады. Sultan Marketing компаниясының қазіргі таңдағы алар орны – ең бірінші орындағы макарон өнімдері, ұн өнімдері және конидерлік өнімдер. Бұл өнімдерді күнделікті үйде қолданамыз, өзіміз де аламыз.

Концерттік бағдарламаға вокалдық, аспаптық және хореографиялық ұжымдардан 150-ге жуық жас өнерпаз қатысты. Бағдарлама ұрпақтар диалогы қағидатымен құрылды. Бір сахнада Беркут пен Аиша, аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблі, Murat Yaprak, Ғалымжан Молданазар және «Попкорн» бэнді өнер көрсетті.

Әмина Сыздыққызы, қала тұрғыны:

- 30 жылдықты солтүстікте бастап еді. Енді міне, оңтүстік астанамызда жалғастырып жатыр. Сұлтанның өнімдерін әр үйде пайдаланады. Өзім жалпы 30 жыл пайдаланамын және жақсы көремін. Жарнамалап та жүремін. Өнімдері өте дәмді, тәтті, пайдалы.

«30 жыл бірге». Бұл – «Sultan» брендімен бірге өсіп, дамып, өзінің отбасылық тарихын қалыптастырған бірнеше буын өкілдерінің ортақ тарихы. Алдағы уақытта кәсіпорын өнім түрі мен көлемін ұлғайта түсуді мақсат етіп отыр.

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Валентин Лобанов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz