RU
Толық нұсқаға өту

Сарапшы: халықтың құқықтық сауаттылығы артып келеді

05.10.2026, 23:10 46

Әр адамның өз құқығы мен бостандығын сот арқылы қорғауға құқығы бар. Конституцияның 12-ші бабының 2-ші тармағында осылай делінген, деп хабарлайды 24KZ.

Жаңа құжат қазақстандықтардың құқығын қорғап, олардың азаттығына, бостандығына кепілдік береді. Отандастарымызға өз мүддесін сотта қорғауға, сондай-ақ түрлі дауларды шешуге мүмкіндік береді. Кейінгі кездері азаматтық және еңбек даулары, алимент өндіру, әкелікті анықтау, балалардың тұрғылықты жерін белгілеу сияқты мәселелерге қатысты өтініштер көп. Сарапшылардың айтуынша, мұндай мәселелер бойынша жүгінушілер саны жыл сайын артып келеді. Бұл халықтың құқықтық сауаттылығы артып келе жатқанын көрсетеді.

Нұрсұлтан Орынбек, заңгер:

– Әр адамның сапалы заң көмегін алуға құқығы бар. Мұнда негізгі сөз – «әр адам». Яғни кез келген азамат қалыптасқан жағдайға қарамастан, мемлекеттік органдармен немесе қандай да бір үшінші тұлғамен қарым-қатынаста жалғыз қалмауы керек. Егер білікті заң көмегі қажет болса, азамат тиісті маманға жүгіне алады. Ал кейбір жағдайларда мемлекет мұндай көмекті, соның ішінде қылмыстық процестер барысында, адвокат арқылы қамтамасыз етеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz