Батыс Қазақстанда «Тең мүмкіндіктер» балалар инклюзивті спорт фестивалінің облыстық кезеңі өтті.
Жарыста 9 команда бақ сынады. Байқауға 138 жеткіншек қатысты. Оның 56-сы - ерекше бала. Жиынның басты мақсаты - ерекше балаларды қолдау. "Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың өзіне деген сенімін нығайтуға, достық қарым-қатынас орнатуға және командалық рухты қалыптастыруға ықпал етеді", - дейді ұйымдастырушылар.
Бауыржан Бектұрған, «Әділет» партиясы БҚО филиалының басшысы:
- Ең басты маңызды мәселе - ол балаларды қолдау. Екінші мәселе - спортпен айналысуға балаларымызды баулу. Үшіншіден, балалардың бастарын біріктіру. Өздерінің мүмкіндіктерін көрсету. 100-ден астам бала қатысып жатыр, жаңа айтқандай, олар Орал қаласының тұрғындары, спортшылары, сосын бүкіл 12 ауданнан келген балаларымыз бар.
Тегтер #БҚО #инклюзив #спорт #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz