RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Өскемендегі дәмханада полицей ауыр соққыдан көз жұмды

06.10.2026, 09:29 38

Өскеменде дәмханалардың бірінде болған жанжалдан кейін полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды «24KZ».

Оқиға 4 қазанға қараған түні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, келушілердің арасында олардың біріне оның әдепсіз әрекетіне байланысты ескерту жасалғаннан кейін жанжал шыққан.

«Өскемендегі дәмханалардың бірінде келушілердің бірі оның әдепсіз әрекетіне ескерту жасаған 40 жастағы жергілікті тұрғынға дене жарақатын салған. Алған жарақатынан ол қайтыс болды. Сондай-ақ күдіктінің әрекетінен тағы бір келуші зардап шекті», – деп нақтылады полиция.

Полиция департаменті қаза тапқан ер адамның полиция қызметкері болғанын растады. Оқиға кезінде ол қызметте болмаған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты полиция өзге ақпаратты жарияламайтынын хабарлады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz