RU
Толық нұсқаға өту

Ақтауда «Каспий ойындары» халықаралық жарысы өтіп жатыр

06.10.2026, 20:34 68

Ақтауда «Каспий ойындары» халықаралық жарысы өтіп жатыр. Спорт сайысына Каспий маңы елдерінен 400-ден астам студент жиналды, деп хабарлайды 24KZ.


Талғат Исламұлы, тілші:

– Каспий теңізі бойынша ортақ бес мемлекеттің ғылыми-зерттеу орталықтары қауымдастығына мүше жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жастар.

Ақтауға жиналды. Халықаралық шара студенттік спортты әрі бауырлас елдердің жастары арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуды көздейді. 16-25 жас аралығындағы студенттер өзара сынға түскен сайыс бағдарламасына спорттың 10 түрі енгізілген. Олар: жеңіл атлетика, волейбол, футзал, баскетбол, жүзу, каратэ-до, бокс, шахмат, киберспорт және самбо. Жарыстар Ақтаудағы бірқатар спорт кешендерінде бір уақытта өтіп жатыр.

Ермек Нұрмағанбет, ұйымдастыру алқасының мүшесі:

– Өздеріңіз білесіздер, Каспий маңы елдерінің татулығы, достастығы экономикалық немесе мәдени жағынан болсын, біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарында. Сондықтан бізде бүгін жалғыз білім-ғылым саласында ғана емес, спорттық шарада жастардың басын қосып жатырмыз. Қатысушыларға сәттілік тілеймін!

Татьяна Алябьева, жарысқа қатысушы:

– Каспий маңы мемлекеттері жастарының басын қосқан шараға волейбол спорты бойынша екінші рет қатысып отырмын. Біріншісі бұған дейін Ресейде өтті. Қазақстанға алғаш келуім. Ақтаудан және Атыраудан келген студенттермен танысып, олардың арасынан жаңа құрбыларымды таптым.

«Каспий ойындары» сайысының тарихы екі мыңыншы жылдан бастау алады. Осы аралықта Астрахань, Атырау, Решт, Махачкала қаласында ұйымдастырылып, бүгінде Каспий маңы елдерінің жастарын біріктірген дәстүрлі шараға айналды. 2024 жылы VII ойындар Астрахань қаласында өтсе, биыл Қазақстанда жалғастыру ұйғарылған. Жеке, командалық және жалпыкомандалық есеп бойынша жарыс жеңімпаздарының есімдері 9 қазанда белгілі болады.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Ренат Досалиев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz