JOLTAP жобасын өңірлерде іске қосу жайы пысықталады. Әр аймақтың кадрға сұранысы зерделенеді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев алдымен Астанадағы JOLTAP тәжірибесінің нәтижелерімен танысты. Әлеуметтік жоба сұранысқа ие бағыттар бойынша қысқа мерзімді оқытудан өткізу арқылы жұмыс іздеушілерге жәрдемдесуді көздейді. Азаматтар алған дағдыларын тәжірибеде қолданып, өз бетінше табыс табуға мүмкіндік алады. «Біздің міндетіміз – осы тәжірибені зерделеп, барлық өңір тұрғындары үшін қолжетімді ету», – деді Асқарбек Ертаев.
Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- Бүгін біз JOLTAP жобасымен таныстық. Бұл – Астана қаласында іске асырылып жатқан жоба. Жалпы біз бұл жобаны әрі қарай іске асыруға жоспарлаймыз. Қазір министрліктің жеке бақылауында. Біз оны әкімдіктермен бірлесіп жұмыс жасаймыз.
JOLTAP жобасы бойынша 22,3 мың адам оқудан өтті
JOLTAP жобасы бойынша оқу тегін. Жұмысшы және цифрлық салаларда 18 мамандық түрі дайындалады. Елордада 22 мыңнан аса қатысушының 60%-ы жұмысқа орналасып үлгерді. Өз ісін ашып, фриланс негізінде еңбекке араласа бастағандар да көп. Басты назар оқытудың практикада сұранысқа ие болуына және түлектердің нақты жұмыспен қамтылуына аударылады.
Тегтер #JOLTAP #жоба #өңірлерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz