RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда азаптауға қарсы тетіктер күшейтілді

06.10.2026, 22:15 48

Қазақстанда азаптауды болдырмауға бағытталған заңнамалық және практикалық тетіктер кезең-кезеңімен күшейтіліп келеді. 

Варшавада өтіп жатқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының адами өлшем жөніндегі конференциясында Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Сарапшылық кеңес пен Ғылыми комиссияның мүшесі Рахымбек Мамырбаев баяндама жасады. Ол елдегі реформалардың нәтижелері мен зорлық-зомбылық сипаттағы әрекеттерге қарсы шаралар туралы айтты. Қазақстанда азаптауға қарсы қылмыстық жауапкершілік күшейтіліп, ұсталған азаматтарды қорғау кепілдіктері кеңейтілген. Мұндай істерді тергеу 2023 жылдан бері прокуратураның айрықша құзыретіне берілген. 

Рахымбек Мамырбаев, Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы сарапшылық кеңес пен ғылыми комиссияның мүшесі:

- Тергеу әрекеттерін қосымша бақылау үшін бейнежетондар қолданылып,  ел бойынша 70 мың бейнебақылау камералары орнатылған. Оларды прокуратура органдары онлайн режимде бақылап отырады. Кейінгі жылдары халықаралық заңдар мен конвенцияларды Қазақстан заңнамасына енгізуге басымдық беріліп келеді. Сонымен қатар азаптау бойынша қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Мұндай істерде шартты жаза қолданылмайды, амнистия қарастырылмайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz