Текеліде су және кәріз желілері жаңарып жатыр. Қаланың Алатау, Металлург шағын аудандарында жұмыс қызды.
24 шақырымнан астам желінің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар магистральдық құбырлар төселіп, құдықтар қазылды. Өзендер арқылы өтетін инженерлік құрылыс нысандарын салу да жоспарда тұр. Қолданыстағылары жаңғыртудан өтеді.
Айдос Бекетаев, Текелі қаласының әкімі:
- Қосымша, жылдың соңында тағы да конкурстар өткізіп, Достық және Горняцкий ықшам аудандарында да жұмыстарды бастаймыз. 2027 жылдың соңында жұмыстарды аяқтап, сол кезде қаламыздағы су құбырлары 100 пайызға ауыстырылатын болады.
Тегтер #Текелі #су #кәріз #жаңарту жұмыстарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz