RU
Толық нұсқаға өту
фото: depositphotos.com

Отбасы банк сыртқы қайта қаржыландыруды уақытша тоқтатты

07.10.2026, 15:55 59

Отбасы банк сыртқы қайта қаржыландыруға берілетін қарыздарды уақытша тоқтатты. Шектеу 23 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлайды 24KZ «Отбасы банкке» сілтеме жасап.

1 қазаннан бастап басқа банктер мен қаржы ұйымдарындағы қарыздарды қайта қаржыландыру талаптары өзгерді. Осыған байланысты «Отбасы банк» тұрғын үй жағдайын жақсартуға байланысты қарызды өтеуге арналған сыртқы қайта қаржыландыру несиелерін беруді уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.

Бұл өзгеріс жаңа қарыз арқылы басқа банктегі немесе қаржы ұйымындағы несиені өтеуге қатысты. Ал сыртқы қайта қаржыландыруға өтінім қабылдау әдеттегі тәртіппен жалғасады. Алайда мұндай өтінімдер бойынша қарыз беру 23 қазанға дейін уақытша жүзеге асырылмайды.

Банк мұндай қарыздарды қайта беру басталғаны туралы қосымша хабарлайтынын мәлімдеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz