Азаматтардың банк шоттарына шектеу қою талаптарын өзгерту қажет.
Құрылтай депутаты Алмас Мұхаметов осылай деп, Ұлттық Банк Төрағасы Тимур Сүлейменовке депутаттық сауал жолдады. Депутаттың айтуынша, бүгінде қарызы бастан асатын азаматтардың шоттарын бұғаттау аса өзекті мәселелердің біріне айналды. Мәселен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінше, тұрғындардың 90 күннен аса төленбеген проблемалық несие көлемі 1,8 триллион теңгеге жеткен. 1,5 миллионнан астам қазақстандықтың шоты бұғатталған. Депутат заң бойынша борышкер шотындағы кірістің кемінде 50%-ы сақталуы тиіс деген талап барын еске салды. Осылайша борышкердің өмір сүруіне керек ең аз ақшаның сақталуын несие шартында міндетті түрде жазу қажеттігін айтты.
Алмас Мұхаметов, ҚР Құрылтай депутаты:
- Борышкердің өмір сүруіне керек ең аз ақшаның сақталуын несие шартында міндетті түрде жазуды, осы тәртіпті банктердің жүйесі арқылы автоматты түрде іске асыру мүмкіндігін қарастыру, банк шотына шектеу қойылған кезде адамның негізгі керегіне жұмсайтын ақшасын пайдалану тәртібін нақты белгілеуді ұсынамыз. Қарыз қайтарылуы керек, бірақ қарыз үшін адамды қалыпты өмір сүру мүмкіндігінен толық айыруға болмайды.
Тегтер #банк #шотты бұғаттау #шектеу #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz