Қазақстанда тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мәселесіне басымдық берілмек.
Бұл туралы Үкіметтің халықаралық қаржы ұйымдарымен өткен үйлестіру кеңесінде айтылды. Былтыр елде 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Ал биылғы алғашқы сегіз айда бұл көрсеткіш 11,3 миллион шаршы метрге жетті. Үкімет тұрғын үй құрылысының қарқынын сақтап, салаға инвестиция тартудың маңызын атап өтті. Бұл бағытта халықаралық қаржы институттарымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Премьер-министр жауапты мемлекеттік органдарға іске асырылып жатқан жобалар аясында қаражаттың тиімді пайдаланылуын бақылауды күшейтуді тапсырды.
Тегтер #Елімізде #Тұрғын үй құрылысы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz