ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін салынатын айыппұлды екі есеге арттыруды ұсынды. Компания бірінші рет заң бұзғандарға 10 АЕК, ал бір жыл ішінде қайталағандарға 20 АЕК көлемінде айыппұл салуды көздеп отыр, деп хабарлайды 24KZ ҚТЖ-ға сілтеме жасап.
Қазір бұл құқық бұзушылық үшін 5 АЕК, қайталанған жағдайда 10 АЕК айыппұл қарастырылған. ҚТЖ-ның мәліметінше, 2025 жылдан бастап бұл бап бойынша ескерту алынып тасталған.
Компания әкімдіктер және көлік полициясымен бірлесіп, мал иелері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Жыл басынан бері 1,3 мыңға жуық кездесу өтіп, оған 34 мыңға жуық адам қатысқан. Сондай-ақ 52 мыңнан астам мал иесіне мал жаю және темір жол арқылы мал айдап өту ережелері түсіндірілген.
Нәтижесінде биылғы 9 айда пойыздардың мал қағу жағдайы 584-ке дейін төмендеді. Былтыр осы кезеңде 648 жағдай тіркелген.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #ҚТЖ #мал жаю ережесі #темір жолҚТЖ мал иелерінен мал жаю ережелерін қатаң сақтауды және малды темір жолдардың жанында қараусыз қалдырмауды сұрайды, деп жазды ҚТЖ.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz