Ақтөбеде шыны ыдыс шығаратын жаңа зауыт салынады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Жобаға 60 млрд теңге инвестиция тартылды. Кәсіпорын жылына 256 млн дана өнім шығарады. Кешен құрылысы биыл төртінші тоқсанда басталып, 2029 жылы іске қосылады. Өндірілген өнімнің 80 пайызға жуығы ішкі нарыққа бағытталса, қалған бөлігі Орталық Азия елдеріне экспортталады. Өнімді шығару кезінде отандық табиғи минералды шикізатт, қазақстандық өндірушілердің тауарлары пайдаланылады. Нысанда 300-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады.
Абзал Әбдікәрімов, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:
- Жобаның маңызды бағыттарының бірі – өндірісте шыны сынықтарын пайдалануды кезең-кезеңімен арттыру. 2035 жылға қарай оның шикізат көлеміндегі үлесін 24 пайызға жеткізу көзделген. Бизнес-жоспарға сәйкес жобаны қаржыландыру кезеңінде 245 мың тоннадан астам шыны қалдығын қайта өңдеуге бағыттау жоспарланып отыр. Бұл шыны қалдықтарын қайта айналымға енгізуге мүмкіндік береді. Зауыт шикізатты сұрыптау, өндірістік процестерді басқару және өнім сапасын бақылауды қоса алғанда, заманауи автоматтандырылған технологиялармен жабдықталады.
Тегтер #Ақтөбе #зауыт #шыны ыдыс #экспортPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz