RU
Толық нұсқаға өту
ЖИ

Қазақстанда әлеуметтік көмек алу тәртібі қалай өзгеруі мүмкін?

08.10.2026, 14:37 53

Мемлекеттік әлеуметтік саясатты тиімді жүргізу - бүгінгі күннің басты талабы. Халықтың нақты табысы мен тұрмыс деңгейін саралап, қолдауды шынымен көмекке мұқтаж азаматтарға атаулы түрде жеткізу маңызды міндеттердің қатарында тұр. Осы ретте «Қазақстандықтарды әл-ауқат деңгейіне қарай бөлу не үшін керек?» деген сұрақтың өзектілігі арта түседі. Бұл туралы Qazaq Expert Club сарапшысы, қаржыгер Саида Тілеуленова талдайды, деп хабарлайды 24KZ.

Ең алдымен, бірдей төлемнің маңызы әр отбасы үшін әртүрлі. Жеке баспанасы, тұрақты табысы мен жинағы бар отбасы үшін бірдей төлемнің мәні бір бөлек, ал жалдамалы пәтерде тұратын, бірнеше бала тәрбиелеп, кредит төлеп отырған отбасы үшін мүлде басқа. Екінші жағынан, мемлекеттің ресурстары шектеулі. Сондықтан көмекті барлық алушыларға бірдей бөлгеннен гөрі, оған шынымен мұқтаж адамдарға көбірек бағыттау экономикалық тұрғыдан тиімдірек.

Тағы бір маңызды жайт – бүгінде бұл шешімді жүзеге асыруға Қазақстандағы дамыған цифрлық сервистер негіз бола алады. Жүйе отбасының жиынтық табысын, мүлкін, кредиттерінің бар-жоғын және басқа да көрсеткіштерді бақылап, төлемдерді барынша әділ бөлуге мүмкіндік береді.

Яғни бұған дейін отбасылар табысын жасыра алса, бүгінде мұны істеу әлдеқайда қиын. Мысалы, 2025 жылғы қыркүйекте Түркістан облысының прокуратурасы 17 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) заңсыз алған 86 отбасы туралы хабарлады. Тексеру барысында 13 отбасының табысын, ал 22 отбасының мүлкі бар екенін жасырғаны анықталды. Толық цифрландыруға негізделген жаңа тәсіл мұндай жағдайлардың алдын алуға және жәрдемақыларды отбасының нақты қаржылық жағдайына қарай бөлуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ресми табыс отбасының жағдайын толық көрсетпейді. Екі отбасының табысы бірдей болуы мүмкін, бірақ бірінің баспанасы мен жинағы бар, ал екіншісі табысының едәуір бөлігін пәтерақыға, емделуге немесе қарыздарын өтеуге жұмсайды. Әл-ауқатты кешенді бағалау осы айырмашылықты ескеріп, қолдау мөлшерін дәлірек анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл ретте мен A–E санаттарын адамдарға тағылатын таңба ретінде қабылдамас едім. Бұл – шешім қабылдауға арналған құрал. Оның үстіне отбасының жағдайы өзгеріссіз қалмайды: адам жұмысынан айырылуы немесе жұмыс табуы, ірі шығындарға тап болуы не қаржылық жағдайын жақсартуы мүмкін. Сондықтан бағалауға негіз болатын мәліметтерді тұрақты түрде жаңартып отыру қажет.

Мұндай тәсіл бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау қаупін азайтуы мүмкін. Қазір нақты мұқтаждық ескерілмей бөлініп жатқан ресурстарды табысы төмен отбасыларға, балаларға, мүгедектігі бар адамдарға және қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға анағұрлым елеулі қолдау көрсетуге бағыттауға болады.

Алайда нәтиже бағалау әдістемесінің сапасына байланысты. Пәтердің немесе автокөліктің болуы өздігінен ауқаттылықты білдірмейді: пәтер отбасының жалғыз баспанасы болуы мүмкін, ал табысы кредиттер мен емделуге жұмсалуы ықтимал. Сондықтан тек табыс пен мүлікті ғана емес, қаржылық міндеттемелерді, қажетті шығындарды, отбасы құрамын, асырауындағы адамдар санын, денсаулық жағдайы мен жұмыспен қамтылуын да бағалау керек.

Ашықтықтың маңызы да кем емес. Адам өз отбасының неліктен белгілі бір санатқа жатқызылғанын түсінуі, бағалау кезінде пайдаланылған мәліметтерді тексеруге және деректер ескірген немесе қате болған жағдайда шешімге шағымдануға мүмкіндік алуы тиіс.

Менің ойымша, Қазақстанға неғұрлым атаулы әлеуметтік қолдау жүйесі қажет. Алайда оның табыстылығын жәрдемақы алушылар санының қаншалықты қысқарғанымен бағалауға болмайды. Ең бастысы – кедейлік шегінен төмен немесе соған жақын деңгейде өмір сүріп жатқан отбасылардың жағдайын шынымен жақсартатын көмек алуы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz