RU
Толық нұсқаға өту

СІМ 14 қазақстандықты қақтығыс аймағынан жеткізу туралы ақпаратты жоққа шығарды

08.10.2026, 15:18 57

Сыртқы істер министрлігі қақтығыс аймағынан 14 Қазақстан азаматын қайтару туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды 24KZ.

Әлеуметтік желілерде 8 қазанда 14 қазақстандық Ресейдегі Қазақстан елшіліктеріне жеткізіледі деген ақпарат тараған. Алайда СІМ бұл мәліметті жоққа шығарды.

Бұл тақырыптың қоғам үшін, әсіресе азаматтарымыздың туған-туыстары үшін қаншалықты маңызды екенін толықтай түсінеміз. Сондықтан тексерілмеген мәліметтерді таратуға мүлдем жол берілмеуі тиіс. Мұндай ақпарат жақындарынан хабар күтіп отырған отбасыларды адастырады, негізсіз үміт тудырады әрі азаматтарды қорғау жөніндегі Министрліктің жұмысына кері әсерін тигізуі мүмкін, – деп жазды СІМ.

Министрлік Ресей тарапымен түрлі деңгейде жұмысты жалғастырып жатыр. Мәселе тұрақты бақылауда. Жұмыстың нәтижелері туралы СІМ қосымша ақпарат береді.

Сыртқы істер министрлігі азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.

Ведомство Қазақстан заңнамасында жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz