RU
Толық нұсқаға өту

Атырауда экологиялық акцияға 200 адам қатысты

08.10.2026, 17:40 255

Бүгін Атырауда 200-ден астам студент пен ерікті Жайық өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты. 

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы шараны «Әділет» партиясының қалалық филиалы ұйымдастырған. Тазалық жұмыстары жүргізілген аумақтың ұзындығы – үш шақырым. Мұнда «Геолог» ықшам ауданы, екі саяжай және колледждің төрт гектарлық өндірістік-тәжірибелік учаскесі орналасқан. Тұрғындардың айтуынша, жаз бойы саяжайларды пайдаланған қала тұрғындары өзен жағалауы мен айналасына тұрмыстық қалдықтарды көптеп тастаған. Соның салдарынан аумақ қоқысқа толған. Бүгінгі сенбілік барысында жағалаудан 4,5 тонна қоқыс жиналды. 

Қуандық Жақиялиев, «Әділет» партиясы қалалық филиалының төрағасы:

- «Әділет» партиясы тек қана еліміздегі экономикалық-әлеуметтік жағдайға ғана емес, сонымен қатар осы экологияға да үлкен мән береді. Бұл акция осымен төртінші рет өткізіліп жатыр. Тағы да осы акция әрі қарай да өзінің жалғасын табатын болады. Негізгі мақсаты – осы Атырау өңіріндегі арнаулы орта оқу орындарының студенттерімен бірлесіп Жайық жағалауын тазалау, таза ұстау.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz