Алматыда 9 қазаннан бастап 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымы басталады. Жылу алдымен әлеуметтік маңызы бар нысандарға, кейін көппәтерлі тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға кезең-кезеңімен беріледі, деп хабарлайды 24KZ.
Жылыту маусымының басталуына байланысты қаланың сегіз ауданында жылу беру мәселесіне жауапты мамандар бекітілді. Тұрғындар жылуға қосылу және жылу жүйесіндегі ақаулар бойынша сол мамандарға хабарласа алады.
Аудандар бойынша байланыс телефондары:
· Алатау ауданы — +7 701 822 57 89;
· Алмалы ауданы — +7 778 200 21 21;
· Әуезов ауданы — +7 705 555 90 92;
· Бостандық ауданы — +7 701 232 04 85;
· Жетісу ауданы — +7 700 815 10 90;
· Медеу ауданы — +7 777 387 37 99;
· Наурызбай ауданы — +7 707 199 90 09;
· Түрксіб ауданы — +7 707 322 50 04.
Сонымен қатар қалада жедел әрекет ету штабы тәулік бойы жұмыс істейді. Үйге жылу берілмеген, құбырдан су аққан немесе басқа да ақау туындаған жағдайда тұрғындар мына байланыс нөмірлеріне хабарласа алады:
· Jedel Almaty — 109;
· Бірыңғай диспетчерлік орталық — 225-14-31;
· Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы — +7 747 132 23 52, +7 707 018 08 46;
· Open Almaty — 1308 және 8 (727) 338-33-88.
Мамандардың айтуынша, жылыту маусымының алғашқы күндері жылу жүйелерін іске қосу, баптау және реттеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты алғашқы кезеңде жылу беруде уақытша іркілістер болуы мүмкін.
Тұрғындарға радиаторлар, шүмектер мен вентильдердің жарамдылығын алдын ала тексеру ұсынылады. Сондай-ақ жылу жүйесіне өз бетінше өзгеріс енгізбеу және тік құбырлар мен жылыту құрылғыларына кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет.
Өтініштерді көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ұйымдарға, басқарманың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына және e-Otinish платформасы арқылы да жолдауға болады.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #жылу беру маусымы #АлматыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz