RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да «Әділет Керуені» партиялық акциясы өтті

08.10.2026, 17:30 50

«Әділет Керуені» жолға шықты. Алғашқы аялдамасы – Шығыс Қазақстан, деп хабарлайды «24KZ».

Алғашқы аялдамасы Шығыс Қазақстан. Партиялық акция аясында Күршім, Шемонаиха, Марқакөл, Зайсан және Тарбағатай аудандарында көшпелі қабылдаулар өтті. Әсіресе балаларға көңіл бөлінді. 40 балаға логопед-дефектолог, психолог, бейімделген дене шынықтыру маманы және педиатр кеңес берді. Бес жеткіншек тегін оңалтуға жіберіледі. Жалпы 462 адамға медициналық көмек көрсетілді. Осы кезде он тұрғын онкологқа алғаш рет жүгінген. Ем шараларынан бөлек, заңгерлер мен сот орындаушылары да құқықтық көмек көрсетті. Тұрғын үй мәселесі бойынша «Отбасы банк» мамандары кеңес беріп, депутаттар қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгінгендер де болды. Енді «Әділет Керуені» өзге өңірлерге де сапар шегіп, мәселе шешуге бекініп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz