Елде жеке тұлғаларға арналған автолизинг бағдарламасы қайта іске қосылады. Жаңа ережеге сәйкес құны 20 млн теңгеге дейінгі көлікке жылдық мөлшерлеме 36% болып бекітілді, деп хабарлайды 24KZ.
Ал одан қымбатына - 46%. Тұтынушы ай сайынғы төлемнен бөлек, рәсімдеу мен сақтандыруға кететін қосымша шығындарды өтейді. Сонымен қатар 10-30% аралығында бастапқы жарна құяды. Сарапшының пайымынша, бұл ең алдымен бәсекелес орта қалыптастыруға бағытталып отыр. «Десе де оған жүгінбес бұрын келісімшарт талаптарын мұқият зерделеген жөн», - дейді. Компанияның қандай жағдайда автомобильді қайтарып алатынын, көлікті сатып алу жолдары және ең бастысы, автомобильдің қалдық құнына назар аудару қажет.
Бауыржан Ысқақ, экономист:
– Автокөлік құны 20 млн дейін болса, 36 пайыз болады. Ал егер одан қымбат болса, 46 пайызға деп жатыр. Бұл деген сөз міндетті түрде 36-46 пайыз деген дүние емес. Бұл бәсекелес ортада болғандықтан автолизинге қатысушы олар үстемақыны төмендетуі мүмкін. Автолизингтің үлкен айырмашылығы азаматтардың тарапынан сұраныс өте көп. Сырттан келіп жатқан автонарықтар бар. Соның барлығына да тиімді болуы үшін мемлекет басқаруды тиімділікке қарай жасап жатыр айтуға болады.
Айта кетейік, автолизинг бағдарламасы былтыр қабылданғанымен, осы кезге дейін тек бірлі жарым өтініш түскен. Халық тарапынан сұраныстың аз болуына байланысты уақытша тоқтаған еді. Ал жаңа талаптар ертең күшіне енеді.
Тегтер #24KZ #автолизинг #автокөлік #автонарық #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz