RU
Толық нұсқаға өту

Непал мен Тибетте жоғалған қазақстандықтардың жағдайы бақылауда

08.10.2026, 21:10 41

Непал мен Тибеттегі табиғи апат аймағында қалып қойған отандастарымыздың жағдайы бақылауда, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі телеграм парақшасында хабарлады. Бұған дейін Қазақстаннан барған үш турист хабар-ошарсыз кеткені айтылды. Екеуі – Непалда, біреуі – Қытайда делінген. Олардың біреуімен байланыс орнатылды. Қазіргі уақытта ол Қазақстанда. Қалған екі отандасымыз жайлы әзірге ақпарат жоқ. Бүгінде жоғалған азаматтардың туыстары іздеуге қажетті рәсімдерден өтті. Соның ішінде ДНҚ талдауына биоматериал тапсырды. Қазақстандық дипломаттар зардап шеккендердің отбасыларына тиісті қолдауды көрсетіп жатыр. Айта кетейік, Непалда іздестіру-құтқару жұмыстары 5 қазанда ресми түрде аяқталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz