«Дипломатия дарабоздары». Астанада бүгін осындай жаңа еңбектің тұсауы кесілді, деп хабарлайды 24KZ.
Қазақстанның алғашқы елшілері мен Сыртқы істер министрлері туралы жазылған кітаптың авторы – Сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі, журналист Гүлсім Еңсепова. Қаламгер туындыны жазуға 3 жылға жуық уақыт жұмсапты. Ал жинаққа 20 дипломаттың еңбек жолы мен ерекше естеліктері енген. Жиналғандар мұндай кітап елде алғаш рет жарық көріп отырғанын айтады. Автордың өзі де дипломат. Ол 90-шы жылдардан бастап 2017-ші жылға дейін Германия, Венгрия және Беларусьтегі Қазақстанның елшіліктерінде пресс-атташе, үшінші хатшы, кеңесші секілді жауапты қызметтерді атқарған. Әсіресе тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Германияда ашылған елшіліктегі жұмысты ерекше еске алады.
Гүлсім Еңсепова, ҚР СІМ кеңесшісі, кітап авторы:
– Ол кезде Бонн қаласында болды. Сағымбек Тоқабайұлы Тұрсыновтың елші болу басқармасымен жасаған едім. Сол кезде ең қиын нәрсе бізге елшіліктің отыратын үйін, ғимаратын алудың өзі қиыншылыққа соқты. Екінші бір қиыншылығымыз – біздің Сыртқы істер министрлігінің басталған жерінде отыратын орындық болған жоқ. Бір үстелде біз 3 адам отырып, біріміз тұрғанда екіншіміз жүгіріп келіп, орындыққа отырып, сондай қиын жағдайда жұмыс істедік.
Төлеутай Сүлейменов, ҚР алғашқы Сыртқы істер министрі:
– Бұл кісіні атташе қылып 1992 жылы жұмысқа алған болатынмын. Сонымен көзімнің алдында өсіп, тәрбие алып, елшіліктерде, Сыртқы істер министрлігінде істеп, сонан кейін журналистикада жүріп, қазір де бұл кісі Сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі жұмыс істеп жүр. Еңбегі өте үлкен.
Тегтер #24KZ #Астанa #Дипломатия дарабоздары #кітап #дипломаттар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz