RU
Толық нұсқаға өту
фото: кадрдан

Непалда жоғалған қазақстандықтардың бірі елде болып шықты – СІМ

09.10.2026, 09:22 82

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Непал мен Тибеттегі табиғи апат аймағында болуы мүмкін деп есептелген үш қазақстандықтың бірі аман-есен елде жүр. Қалған екі қазақстандықтың тағдыры әзірге белгісіз, деп хабарлайды 24KZ.

Бұған дейін Қазақстанның үш азаматы — екі турист Непалда, біреуі Тибетте хабар-ошарсыз кеткендер қатарында болған. Непалда болуы мүмкін деп есептелген туристердің бірімен байланыс орнатылды. Оның табиғи апат аймағына барудан бас тартып, сапарын тоқтатқаны анықталды. Қазір ол Қазақстанда, — деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Қалған екі отандасымыздың қайда екені әзірге анықталған жоқ. Олардың туыстары сәйкестендіру жұмыстарына қажетті рәсімдерден өтіп, ДНҚ сараптамасына биологиялық материал тапсырған.

Министрліктің хабарлауынша, қазақстандық дипломаттар жоғалған азаматтардың отбасыларымен байланыста болып, оларға көмек көрсетіп жатыр.

5 қазанда Непал билігі іздестіру-құтқару жұмыстарының ресми түрде аяқталғанын хабарлады. Қазір зардап шеккен аймақтарда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар барысында табылған адам сүйектері мен жеке заттар кейіннен сәйкестендіру үшін тиісті органдарға тапсырылуда.

Қытайдың Тибет автономиялық ауданындағы ең көп зардап шеккен Гьиронг уезінде іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Қытай тарапы адам сүйектерін сәйкестендіріп, генетикалық сараптама жүргізуде.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz