Шымкентте жалпы айналымы 3,1 млрд теңгеге жеткен екі заңсыз онлайн-казиноны ұйымдастырған азаматтар төрт жылға сотталды, деп хабарлайды 24KZ Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, күдіктілер «Bingo-37» және «Lotoboom» платформалары арқылы құмар ойындарын ұйымдастырған. Олар WhatsApp мессенджері арқылы азаматтарға ойынға қатысуды ұсынып, келіскендерге жеке аккаунт ашып берген. Қатысушыларға кіру деректері мен ақша аударуға арналған банк шоттарының мәліметтері жіберілген.
Ақша қабылдау және ұтыстарды төлеу үшін 14 адамның атына ашылған банк шоттары пайдаланылған.
Қылмыстық жолмен тапқан ақшасына ұйымдастырушылар 200 млн теңгеден астам сомаға мүлік сатып алған. Оның ішінде BYD Destroyer, LiXiang L6 Max, Chevrolet Monza, SsangYong Rexton маркалы көліктер мен екі жер учаскесі бар.
Сот шешімімен аталған мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #онлайн казино #заңсыз ойын бизнесіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz