RU
Толық нұсқаға өту

Ұлттық қордан жеті млн балаға $2,5 млрд аударылды

09.10.2026, 13:40 61

Соңғы үш жылда ұлттық қордан 7 млн баланың есеп-шотына 2,5 млрд доллар аударылған.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы Жолдауында көтерген бастамасының нәтижесі осындай. 2024 жылдан бері Ұлттық қордың орташа есептегі инвестициялық табысының 50 пайызы қазақстандық балалардың жеке есеп-шоттарына жіберіледі. Ұзын саны 6 млн 920 мың балаға бүгінге дейін 2 млрд 488 млн қаржы аударылды. Осы уақыт аралығында кәмелетке толып үлгерген 772 мың қазақстандыққа 110 млн-ға жуық қаражат бөлініпті. Үш жылдың ішінде әр балаға 370 доллардай тиген. Биылғы жылдың өзінде ғана әр есепшотқа 130 доллар жөнелтілді. Ұлттық қордың мақсатты жинақ төлемін 365 мың 967 адам алып үлгерген. Оның жалпы сомасы 76 млн доллар шамасында. Қаржының 50 млн-ы тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталса, тағы 25 млн доллар балалардың оқу ақысына қарастырылған екен. 

Жалпы саны: 6,92 млн бала - $2488,1 млн

Кәмелетке толды: 772,1 мың - $109,7 млн

Үш жылда аударылды: Әр балаға  - $370,56

2026 жылы аударылды: Әр балаға - $130,71 

МАҚСАТТЫ ЖИНАҚ ТӨЛЕМІН АЛҒАНДАР

Адам саны: 365  967

Жалпы сома: $76 млн

Тұрғын үй жағдайын жақсарту:  $50 млн

Оқу ақысын төлеу: $25 млн

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz