RU
Толық нұсқаға өту

Көкшетауға газ тартылады

09.10.2026, 17:53 37

Көрікті қалаға көгілдір отын 2029 жылы жетеді деп жоспарланып отыр. Қазір тиісті құжаттар әзірленіп жатыр. Бұл туралы облыс орталығында өткен жиында айтылды. Өңір басшысы газға жауапты ірі компания өкілдерімен кездесіп, бірқатар мәселені талқылады. 

Қазір өңірде 26 елдімекен көгілдір отынға қосылды. Барлығы елорда іргесіндегі елдімекнедер.  Енді сол газ Көкшетауға да тартылмақ. Жолай бес бірдей ауданды қамтиды. Бұдан бөлек, облыс орталығына көршілес теріскейден де газ келеді деп күтілуде. Сондықтан қазір 2 екі жоба әзірленіп жатыр. 

Марат Ахметжанов, облыс әкімі:

- Біреуі – «Сарыарқа» жобасы. Ол Астанадан Көкшетауға қарай тартылып жатыр. Екіншісі – «Есіл–Астана» жобасы. Ол да «Сарыарқа» жобасына қосылады. Бұл – Солтүстік Қазақстаннан, Петропавлдан келе жатқан жоба. Ол бізге газ көлемін қосымша арттыруға мүмкіндік береді.

Қазір облыс орталығындағы халық саны 200 мыңға жуықтайды. Ал,  2050 жылға дейін бұл көрсеткіш жарты миллионға дейін жетеді деген болжам бар. Сондықтан мамандар келетін газ көлемін ұлғайтты.   Ал, құрылыс жұмыстары қаржыландыру мәселесі шешілген соң  басталады. 

Абзал Қысметов «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары:

- Жалпы қазір құбырдың диаметрін үлкейттік. Көкшетауға дейін – 600 миллиметр, Петропавлға дейін 400 миллиметр. Енді диаметрін 1000 миллиметрге дейін үлкейту мәселесін қарастырып жатырмыз. Бұл газ жеткізу көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Қазір техникалық-экономикалық негіздеменің қорытындысы шығып, қаржы бөлінсе, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу мен құрылыс жұмыстары қатар жүргізіледі.

Айталық, осы жобалардың нәтижесінде өңірдегі 337 елдімекенге газ тартылып, 500 мыңға жуық тұрғын көгілдір отынмен қамтылады. Ал облыстың газдандыру деңгейі 29 пайыздан 85 пайызға дейін арта түспек

Авторлары: Абзал Азаматұлы, Виктор Полянный

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz