RU
Толық нұсқаға өту

Көкжайлауда сирек кездесетін өсімдіктер зерттелді

09.10.2026, 21:42 55

Көкжайлауда салынып жатқан Almaty SuperSki тау-шаңғы курортының құрылысы Қызыл кітапқа енген сирек өсімдіктер өсетін аумақтарды қамтымайды, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл туралы Іле-Алатауы ұлттық паркі үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұхтар Тайжан мәлімдеді. Оның айтуынша, мамандар сирек кездесетін өсімдіктердің нақты координаттарын тіркеп, олардың жай-күйін зерттеген. Нәтижесінде Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің алты түрі анықталған. Олардың қатарында Сиверс алмасы, Островский қызғалдағы, Альберт құртқашашы және басқа да сирек түрлер бар. Алайда зерттеу деректеріне сәйкес бұл өсімдіктердің ешқайсысы құрылыс жүргізілетін аумаққа кірмейді. Сонымен қатар мамандар ағаштардың санитарлық жағдайын және олардың болашақ инфрақұрылым аумағында қалатынын не қалмайтынын жеке тексерген. Almaty SuperSki тау-шаңғы курортының құрылысын 2028 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Мұхтар Тайжан, «Іле-алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі үйлестіру кеңесінің сайланған төрағасы:

– Қызыл кітапқа енген бірде-бір ағашты кеспейміз. Жарамды қарапайым ағаштар басқа жерге қайта отырғызылады, ал кәрілері кесіледі. Алайда олардың орнына он есе көп мөлшерде көшет егіледі. Әрине, олардың барлығы бірдей жерсініп кетпейді. Жерсінбеген ағаштарды жаңа ағаштарға ауыстырамыз. Қалай болғанда да, Іле-Алатауы ұлттық паркінде орман шаруашылығы саласының кәсіби мамандары бар. Сондай-ақ олар жоғары сапалы ағаштың он есе көп өсіп шығатынын айтады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz