Жезқазғанда 21 гектар аумаққа 8 мың түп ағаш егіледі. Қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, шаң мен желдің әсерін азайту, яғни «жасыл белдеу» құру жобасы «Таза Қазақстан» акциясы аясында қолға алынды.
Көгалдандыру жұмыстары өңірдегі ірі компаниялар мен кәсіпорындардың қолдауымен жүзеге аспақ. Жасыл белдеуге қараағаш, терек секілді өңір климатына бейім ағаштардың онға тарта түрі егіледі. Олардың қатарында күтімді аса қажет етпейтін жеміс талдары да бар. Мамандар қазір жерді өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Әділ Темоханов, Мәдени және демалыс парктерін басқару мекемесі басшысының м.а.:
- 15 гектары Жезқазған–Сәтбаев тасжолының бойында, ал 6 гектары Батыс тұрғын ауданында орналасқан. Қазіргі таңда жер өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар басталмас бұрын агрохимиялық талдау жүргізіліп, оның нәтижесі оң болды. Бұл ағаштарды күтіп-баптау және суару жұмыстары Жезқазған қаласының мәдениет және демалыс саябақтарын басқару мекемесіне жүктеледі.
Тегтер #Жезқазған #жасыл белдеу #ағаш егуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz