Бір жарым миллион қазақстандық кітап оқып жарысып жатыр.
Игі бастама «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында қолға алынды. Оған қатысушылар 15 шығарманы оқып, кітаптан алған әсерлері туралы баяндап беруі керек. Осыған орай бізде елорда тұрғындарынан сүйікті кітаптары туралы сұрап көрдік.
Блиц
- Негізі әртүрлі кітап бар. Менің есімнен кетпейтін кітап – бұл бала кезімде оқыған «Әйел бақыты». Бірақ авторын ұмытып қалдым. Бірақ маған қатты әсер еткен, сол кітапты барлығына оқуға ұсынамын.
- «Шұғыла» деген кітапты оқыдым. «Махаббат қызық мол жылдар». Әзілхан Нұршайықовтың кітабы. Жақсы, тамаша жазылған. Қазіргі жастарға үлгі боларлық кітап.
- Мен «Алхимик» деген кітапты орысша оқығанмын. Ол өмір туралы кітап. Психологияға жақын кітап болғандықтан оқыдым.
- Мен қазақстандықтардың бәріне Абайдың «Қара сөздерін» оқуға кеңес берер едім. Себебі ол сөздер бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Сондықтан міндетті түрде оқыңыздар.
Тегтер #Кітап оқитын ұлт #Қазақстан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz