RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің үлесі артты

11.10.2026, 09:25 31

Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері нысандарында өндірілген электр энергиясының көлемі айтарлықтай өсті.

Биылғы жылдың тоғыз айында 7 млрд 800 млн киловатт-сағат қуат өндірілді. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға жоғары. Өндірілген энергиясының басым бөлігі жел электр станцияларына тиесілі. Елдегі жалпы қуат өндірісіндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 8,5 пайызға жетті.  Жыл сайын салада өсім байқалады. Бүгінде таза энергетиканы дамыту – басым бағыттың бірі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz