RU
Толық нұсқаға өту

«Ұлттық қор – балаларға»: $76 млн бөлінді

11.10.2026, 15:45 36

Елде «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында биыл 76 млн АҚШ долларынан астам қаражат төленді. 

Жыл сайын 18 жасқа дейінгі балаларға Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы бағытталады. Биылғы төлем бала басына 130 доллар көлімінде бекітілді. Осылайша, үш жылдан бері бүлдіршіндердің жинақ шотында 370 доллардан астам қаражат жиналды. Ал кәмелеттік жастан асқан 366 мың жас жинақтарын кәдеге жаратып үлгерді. Бірі тұрғын үй жағдайын жақсартса, енді бірі  оқу ақысын төлеуге жұмсаған. Жалпы бағдарлама іске қосылғалы бері 2,5 млн долларға жуық қаржы бөлінген. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған жобаның мақсаты – балаларға болашақта қаржылық қолдау көрсету.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz