«Қазақстандық пайдаланушылардың дербес деректерін сақтайтын серверлер қалыпты режимде жұмыс істеп тұр». Жақында орын алған «Яндекс» сервистерінің жұмысындағы жаппай іркілістерден кейін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі осындай ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «24KZ».
«Яндекс» сервистерінің жұмысындағы техникалық ақаулар қазақстандықтар күнделікті пайдаланатын цифрлық платформалардың қауіпсіздігі мен сенімділігіне қатысты орынды сұрақтар туғызды.
Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық пайдаланушылардың дербес деректерін сақтауға арналған серверлер тікелей ел аумағында орналасқан және қалыпты режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Алайда бұл цифрлық платформаның барлық бөлігі өз алдына толықтай дербес жұмыс істейді дегенді білдірмейді. Атап айтқанда, такси және жеткізу қызметтерінің үзіліссіз істеуіне қажетті жекелеген технологиялық компоненттер Қазақстан аумағынан тыс жерде орналасқан.
Қарапайым пайдаланушылар үшін сервистердің кез келген уақытта үзіліссіз жұмыс істеуі бірінші кезекте маңызды. Сондықтан деректерді Қазақстан аумағында физикалық тұрғыдан орналастыру мен шетелдік серверлерге тәуелді цифрлық платформалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету - алдағы уақытта кешенді шешуді талап ететін екі бөлек маңызды міндет екені атап өтілді.
Тегтер #Яндекс #Яндекс Go #24жаңалықтар #24KZҚазіргі уақытта «Яндекс» компаниясының техникалық мамандары барлық сервистердің жұмысын толық қалпына келтіру бағытында шұғыл шаралар жүргізіп жатыр. Өз кезегінде министрлік қажетті қолдау көрсету мәселелері бойынша аталған компаниямен және отандық инфрақұрылымдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуде. Сонымен қатар нарықтағы баламалы такси және жеткізу қызметтерін ұсынатын басқа да платформаларға сұраныс пен жүктеме күрт артқан жағдайда олардың да тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстар атқарылуда, - делінген министрліктің ресми хабарламасында.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz