Мемлекет басшысының бастамасымен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында елордадағы №100 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары ерекше жобаны жүзеге асырды, деп хабарлайды «24KZ».
Балалар жаз бойы мектеп бақшасында көкөніс өсіріп, оларды күтіп-баптады. Орасан еңбектің нәтижесінде оқушылар ата-аналарымен және мұғалімдерімен бірге мол өнім жинады. Бақшадан терілген қызанақ, картоп, асқабақ пен бұрыш мектеп асханасына өткізіліп, оқушылардың ас мәзіріне қосылатын болды. Өнім жинаумен қатар, балалар мектеп аумағын абаттандыру және тазалық жұмыстарына да белсене қатысты.
Бұл жоба оқу үдерісімен тығыз ұштастырылған. Мұндай тәжірибе балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырумен қатар, оларды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және қоршаған ортаны аялауға бағытталады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Таза Қазақстан #экологиялық акция #мектеп #оқушы #асхана #көкөніс #бақша #24жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz