RU
Толық нұсқаға өту
depositphotos.com

Жаңбыр, қар, көктайғақ: 13-15 қазанға арналған ауа райы болжамы

12.10.2026, 12:57 38

«Қазгидромет» синоптиктері 13, 14 және 15 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «24KZ».

Болжамға сәйкес, Қазақстанда 13-15 қазан аралығында ауа райы құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, кей өңірлерде көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ жел күшейіп, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. 

Тек республиканың орталығы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі. 

Ауа температурасының төмендеуі еліміздің басым бөлігінде болжанады:
Солтүстік-батыста: күндіз +10…+22°С;
Солтүстікте: түнде -1…-6°С, күндіз +3…+13°С;
Орталықта: түнде -6…+3°С, күндіз +4…+15°С;
Шығыста: түнде -5…+5°С, күндіз -1…+9°С;
Оңтүстік-шығыста: түнде +5…+10°С, таулы аудандарда -2…+3°С, күндіз +10…+22°С, таулы аудандарда +5…+10°С

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz