Психотропты заттарды өндіріп сатқан қылмыстық топтың ұйымдастырушысы Ресейден экстрадицияланды.
Бас прокуратураның хабарлауынша, күдікті Алматы қаласы мен Қазақстанның басқа да аумақтарында мефедрон өндірумен және өткізумен айналысқан топ құрған. Ол 2021 жылдан бастап ақшаға мұқтаж адамдарды қылмыстық әрекетке тартқан. Қатысушылар психотроптық заттарды өндіру, тасымалдау, өлшеп, орау және тарату бойынша әртүрлі міндеттерді атқарған. Ал олардың әрекеттері Telegram мессенджері арқылы қашықтан үйлестірілген. Ұйымдастырушының нұсқауымен 2024 жылы Алматы қаласында бірнеше есірткі зертханасы жабдықталған.
Ерлан Жанпейісов, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:
- 2024 жылғы 19 қыркүйекте полиция қызметкерлері зертханалардың бірінің қызметін тоқтатты. Тінту барысында 24 кг-нан астам химиялық заттар, жабдықтар, қорғаныш құралдары мен дайын өнім табылды. 2025 жылғы шілдеде күдікті Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша елге экстрадицияланды. Бүгінгі күні ол тергеу изоляторына қамалды.
Тегтер #Заң мен тәртіп #есірткі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz