Ақ алқаптағы ерекше шара дүниежүзілік мақта күніне арналып отыр.
Мақта шаруашылығы Түркістан облысының аграрлық экономикасында айрықша маңызға ие. Ауылдықтарды жұмыспен қамтып, табыс табуына ықпал ететін негізгі салалардың бірі. Мақта тойы қалай өтіп жатыр? Биылғы түсім қалай?
Жандос Жұмабек, тілші:
- Біз қазір Отырар ауданы Қарақоңыр ауылдық округінде орналасқан "Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешенінде" тұрмыз. Мұнда өңір диқандарына инвестициялық жоба аясында 52 мың гектарға жаңа технологиямен егілген мақта шаруашылығының жұмысы таныстырылуда. Жобаның негізгі мақсаты - су үнемдеу технологиясын енгізу нәтижесінде су шығынын 50% пайызға дейін азайту арқылы өнімділікті 2-3 есеге арттыру. Мемлекет басшысы қоғамда адал еңбек пен еңбек адамының мәртебесін арттыруды үнемі айтып келеді. Бүгінгі шарада «Адал азамат - Адал еңбек - Адал табыс» қағидатына сүйене отырып, осы салада тынымсыз тер төгіп жүрген еңбек озаттарына құрмет көрсетілді. Бүгінде бұл салада 25 мыңға жуық адам еңбек етеді.
Сейсен Қуан, шаруа:
- Биыл Түркістан облысының шаруалары 173 мың гектардан астам алқапқа мақта екті. Оның 91 мың гектарына су үнемдеу технологиялары енгізілді. Бүгінге дейін шаруалар күздің әр күнін қалт жібермей, ақ алтынның 60 пайызын жинап үлгірді. Жалпы биыл 556 мың тоннаға жуық өнім алу жоспарланған. Мақта бағасы 250 теңге деп белгіленді. Қазір менің қасымда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Ерсұлтан Қадірбек тұр. Биылғы өнімділік қалай болуда? Салаға енгізілген жаңа технологиялар өз жемісін беріп жатыр ма?
Ерсұлтан Қадірбек, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
- Заманауи техника мен жаңа технологиялар өнімділікті арттыруға сеп болуда. Оны шаруалар да жақсы түсіне бастады. Демек, қазіргі еңбек адамы тек қара күш иесі ғана емес, жаңа технологияны меңгерген білікті маман деп айтуға болады. Өңірде мақтаны өсіруден бастап оны өңдеу, жіп иіру және дайын тоқыма өнімдерін шығаруға дейінгі толық өндірістік тізбек қалыптасып келеді. Мамандар 2030 жылға дейін құны 212,6 млрд теңге болатын 5 кластерлік жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Және сол кезде 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орыны құрылады деп көзделуде.
Тегтер #Түркістан облысы #мақта #фестиваль #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz