RU
Толық нұсқаға өту

Еңбек заңнамасын бұзғандарға айыппұл салынды

12.10.2026, 18:00 35

Шымкентте кәсіпорындар мен түрлі мекемелерде жыл басынан бері еңбек заңнамасы 385 рет бұзылған. Мемлекеттік инспекторлардың мәліметінше, көп жағдайда еңбек қауіпсіздігі сақталмаған, зейнетақы мен сақтандыру жарналары уақытында аударылмаған және жалақы уақытында төленбеген, деп хабарлайды 24KZ.

Тексеру нәтижесінде алты кәсіпорынның жұмысшы алдындағы берешегі 68 млн теңгеге жеткені анықталды. Одан бөлек, қаржылық қиындыққа ұшыраған төрт кәсіпорынның жалақы қарызын «оңалту» және «банкроттық» рәсімдер арқылы өтеу мәселесі қарастырылып жатыр. Жұмыскерлердің құқығын қорғау мақсатында 68 әкімшілік хаттама толтырылып, 10 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Жалпы, жыл басынан бері жазатайым жағдайларда 31 адам зардап шегіп, оның үшеуі мерт болған. Құзырлы орган өкілдері тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.

Жеңіс Мақұлбаев, Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы:

– Цифрлық тұрғыдан барлығы қарастырылған. Платформаның қажетті форматтары мен функционалдық мүмкіндіктері жеткілікті. Бір батырманы басу арқылы қай жұмыс беруші жұмыскерлерін жазатайым оқиғалардан сақтандырғанын, ал қайсысы сақтандырмағанын, сондай-ақ кімнің тиісті талаптарды орындағанын немесе орындамағанын анықтап, осыған қатысты барлық мәліметті алуға болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz