Қазақстан адам саудасына қарсы күресті заңнамалық өзгерістер және халықаралық ынтымақтастық арқылы күшейтіп келеді.
Үндістанның Asian News International ақпарат агенттігінің редакторы Снеха Дипика елдегі реформаларға оң баға берді. Сарапшы Астанадағы AI and Digital Bridge халықаралық форумына жасаған сапарында Қазақстанда жүзеге асып жатқан өзгерістермен танысты. Оның айтуынша «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» арнайы заң қылмыстың алдын алуға, құрбан болғандарды қорғауға, кінәлілерді жауапкершілікке тартуға және халықаралық әріптестікті нығайтуға негіз болды. Дипика адамдарды кибералаяқтық пен өзге де қылмыстарға мәжбүрлеп тартуға қарсы шаралардың маңызын да атап өтті.
Снеха Дипика, Asian News International ақпарат агенттігінің редакторы:
- Бұл шаралар қылмыстардың жолын кесумен ғана шектелмей, зардап шеккендердің құқықтарын қалпына келтіруге де бағытталған. Қазақстанның осы реформаларға бейілділігі қауіпсіз, баршаға қолайлы әрі прогрессивті қоғам құруға деген ұмтылысын көрсетеді.
Тегтер #реформа #сарапшы #адам саудасы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz