RU
Толық нұсқаға өту
фото: depositphotos.com

СІМ Сауд Арабиясындағы қазақстандықтарға үндеу жасады

13.10.2026, 09:22 35

Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылымға жасалған шабуылдарға байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі елдегі отандастарды сақтық шараларын күшейтуге шақырды, деп хабарлайды 24KZ.

Министрлік Қазақстан азаматтарына жергілікті билік өкілдерінің нұсқауларын орындауды, әуежайларға аса қажет болмаса бармауды және рейстердің мәртебесін алдын ала әуе компанияларынан нақтылауды ұсынды.

Сондай-ақ адам көп жиналатын орындар мен қауіпті нысандардан аулақ болып, шұғыл емес сапарларды кейінге қалдыруға кеңес берді.

Төтенше жағдайға тап болсаңыз Қазақстан Республикасының Эр-Риядтағы Елшілігіне немесе ҚР-дың Жиддадағы Бас консулдығына хабарласу қажет, – делінген министрлік хабарламасында.

Шұғыл байланыс телефондары:

  • Эр-Рияд қаласындағы консул: +966 55 663 01 77;
  • Жидда қаласындағы консул: +966 53 275 80 80.
Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz