RU
Толық нұсқаға өту
фото: ЖИ

Абай облысында үш ауылдың су станциялары сүзгісіз жұмыс істеген

13.10.2026, 11:46 32

Абай облысының Мақаншы ауданында үш ауылдағы су станцияларында сүзгілеу жүйесі жоқ екені анықталды, деп хабарлайды 24KZ.

Мақаншы ауданының прокуратурасы халықты ауызсумен қамтамасыз ету кезінде заң талаптарының сақталуын тексерді.

Тексеру барысында Бұғыбай, Қызылбұлақ және Қызылжұлдыз ауылдарындағы блок-модульдік станцияларда су сүзгілеу жүйелері жоқ екені белгілі болды. Сондай-ақ бұл нысандардың санитариялық-қорғау аймақтары белгіленбеген және қажетті санитариялық қорытындылар алынбаған.

Бұдан бөлек, Бекет пен Қабанбай ауылдарында бюджет қаражатына салынған, құны 2 млрд теңгеден асатын су құбыры желілері құрылыс аяқталғаннан кейін коммуналдық кәсіпорынның балансына берілмеген. Соның салдарынан нысандарға тиісті қызмет көрсетілмей келген.

Анықталған заңбұзушылықтар тұрғындарға санитариялық талаптарға сай келмейтін ауызсу берілуіне себеп болуы мүмкін еді.

Осыған байланысты аудан прокуратурасы бұзушылықтарды жою және су нысандарын тиісті деңгейде күтіп-ұстау туралы аудан әкімдігіне ұсыныс енгізді.

Қазір жергілікті атқарушы органдар анықталған кемшіліктерді жою шараларын қабылдап жатыр. Прокуратура олардың толық орындалуын бақылауда ұстап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz