RU
Толық нұсқаға өту
фото: depositphotos.com

Павлодарда 1 млрд теңгелік ет комбинатының құрылысы тоқтап қала жаздады

13.10.2026, 11:59 32

Павлодар облысының Ертіс ауданында құны 1 млрд теңгеден асатын ет комбинатына инженерлік желілер тартуға 100 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді, деп хабарлайды 24KZ.

Аталған қаржы прокуратура араласқаннан кейін облыстық бюджеттен қарастырылған. Бұған дейін қаражаттың уақытылы бөлінбеуі инвестициялық жобаның мерзімінде аяқталуына қауіп төндірген.

Қазір нысанда инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарын қараша айында аяқтау жоспарланған.

Жол картасына сәйкес, ет комбинаты биыл желтоқсан айында толық пайдалануға берілуі керек.

Жобаның іске қосылуы өңірде өндіріс көлемін арттырып, Ертіс ауданындағы ет өңдеу саласының дамуына серпін береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz