Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру кезінде олардың елде заңды жүргені тексерілмек. Ішкі істер министрлігі осыған қатысты ереже жобасын әзірледі, деп хабарлайды 24KZ.
Жаңа талап шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН алғаш рет берілгенде де, бұрынғы нөміріне өзгеріс енгізілгенде де қолданылуы мүмкін.
Жобаға сәйкес, мемлекеттік қызметке өтініш берген адамның Қазақстанда заңды жүрген-жүрмегені иммигранттар туралы деректер базасы арқылы тексеріледі. Яғни, өтініш берушінің елде болуына немесе тұруына рұқсат бар-жоғы анықталады.
ІІМ бұл өзгеріс шетелдіктердің елде заңды жүруін тексеруге және ЖСН рәсімдеу кезінде қолданылатын мәліметтердің дұрыстығын арттыруға мүмкіндік береді деп есептейді.
Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Құжатқа қатысты ұсыныстар мен ескертулер 28 қазанға дейін қабылданады.
Түзетулер 2026 жылғы 24 маусымда қабылданған цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол қозғалысы және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелеріне қатысты заңды іске асыру аясында әзірленген.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz