RU
Толық нұсқаға өту
фото: depositphotos.com

Шымкентте 4 салық қызметкері әкімшілік жауапқа тартылды

13.10.2026, 12:30 38

Шымкент қаласының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің инвесторлардың қызметіне заңсыз араласу фактілерін анықтады, деп хабарлайды «24KZ».

Тексеріс барысында мемлекеттік кірістер органдары инвестор – «White Fellow-Deer» ЖШС-ның шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы әкімшілік акт шығарғаны анықталды.  

Компания корпоративтік табыс салығы бойынша қосымша есептілікті уақытылы тапсырып, хабарлама талаптарын толық орындаған. Сол себепті шығыс операцияларын тоқтатуға негіз болған себептер жойылған.

Салық кодексінің 86-бабы 7-тармағына сәйкес, мұндай жағдайда әкімшілік актіні шығарған салық органы оның күшін себептер жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жоюға міндетті.

Бірақ Шымкент қаласы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаменті инвестордың шоттары бойынша шығыс операцияларын бір жұмыс күні ішінде қалпына келтірудің орнына, әкімшілік актінің күшін тек 4 айдан кейін жойған. Осы факті бойынша кінәлі лауазымды тұлға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған 216 250 теңге айыппұл салынды.  

Бұдан бөлек, инвесторлардың банк шоттарына қойылған шектеулерді уақтылы алып тастамаған тағы үш салық органының қызметкері әкімшілік жауаптылыққа тартылды. 

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz