RU
Толық нұсқаға өту

Шығыс Қазақстанда жазда 400 мың турист демалған

13.10.2026, 14:10 32

Биылғы демалыс маусымында Шығыс Қазақстанға 400 мыңнан астам турист барған. Соңғы жылдары өңірдің туристік әлеуеті артты. Инфрақұрылым жаңғыртылып, жаңа нысандар салынып жатыр. 447 қонақүй мен мейманхана бар. Олар бір мезетте 22 мың адамды қабылдай алады. Облысқа келген қонақтарға 42 туристік маршрут ұсынылса, оның 18-і экологиялық бағыт, деп хабарлайды 24KZ.

Бір маусымда 400 мың турист. «Бұл аз көрсеткіш емес», – дейді мамандар. Кенді Алтайды көруге қызыққандардың көбеюі инфрақұрылымның жақсаруына да едәуір ықпал етті. Туристік бағыттарға апаратын жолдар жөнделіп жатыр. Риддерге жеткізетін 105 шақырым, Алтай ауданы мен Қатонқарағай бағытындағы 160 шақырымға жуық жол жөнделді. Оның ішінде Рахман қайнарына апаратын 13 шақырым жолға алғаш рет асфальт төселді. Бұрын 2-3 сағатта әрең жететін жолаушылар енді жол азабынан құтылды.

Джан Ял, турист /ҚХР/:

– Шанхайдан арнайы келдім. Бұрыннан осы жақты көргім келетін. Табиғаты, қазіргі күзгі көрінісі тіпті керемет екен. Тұрғындары да сондай мейірімді, қонақжай.

Инфрақұрылым дегенде, Бұқтырманың үстінен салынған көпір рөлі ерекше..Президент тапсырмасымен бой көтерген еліміздегі ең ұзын өткел Күршім, Зайсан,Марқақкөл бағытына барыс -келісті жеңілдетті. Жақында Алтай ауданында Тереңсай асуын айналып өтетін тау ішіндегі ең биік көпір құрылысы да аяқталады. Бұған қоса Мемлекет басшысының нұсқауымен облыста екі әуежай салынып жатыр. Демек туристер ағыны әлі де артады деген сөз. Ал Шығыс Қазақстан оларды қабылдап, орналастыру қауқары жағынан да ел бойынша көш бастап тұрған өлкенің бірі.

Туристерді этно-фестивальдер ұйымдастыру арқылы қызықтыру да ұтымды іске асуда. Мәселен, «Алтай түркі әлемінің Алтын бесігі, Шығыс Салбуырыны, Аламан құрақ сынды мерекелік байқауларға жыл сайын мыңдаған қонақ келді.

Сымбат Рамазанов, облыстық кәсіпкерлер палатасы туризм бойынша кеңес төрағасы:

– Бұл бүкіл аймақты дамытуға аймақты ақпараттандыруға айналған құралға айналды десек те болады. Осындай іс шараларды өткізу арқасында ол жаққа баратын жол жақсарады, тағы да бір инфрақұрылым салынады, сондықтан мұндай іс-шаралар арқасында біз сонымен қатар мультиплиивті эффекттерін көріп жатырмыз. Сондықтан мен ойлаймын соңғы жылдары туризм қарқынды дамып келеді.

Қатонқарағай Үлкен Нарында сауықтыру және экотуризм, Алтай, Глубокое Риддер жақта тау шаңғы спорты, Марқақкөл Зайсан аудандарында тарихи және экологиялық бағыт көп. Қысқасы Шығыс Қазақстанда өзен-көлде, орман-тоғай мен тау да бар. Туризмнің түрлі бағыты шоғырланған мекен сонысымен де тартымды.

Авторлары: Эльмира Ахметова Дмитрий Пыхтин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz