RU
Толық нұсқаға өту
фото: gov.kz

Алматыда жаңа отбасылық саябақ ашылады

13.10.2026, 14:51 38

Алматының Наурызбай ауданында аумағы 1 гектар болатын жаңа саябақты көркейту жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды «24KZ»

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, жаңа саябақ тұрғындардың отбасымен демалуына, серуендеуіне және бос уақытын тиімді өткізуіне арналған.

Саябақты көркейту барысында көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінді. Аумаққа 200 ірі көлемді ағаш, 85 қылқан жапырақты ағаш, 30 мыңға жуық бұта және 1,5 мың раушан гүлі егілді. Өсімдіктерді күтіп-баптау үшін автоматтандырылған суару жүйесі орнатылды.

Саябақта жүргіншілер жолдары салынып, орындықтар мен жарық шамдары орнатылды. Сондай-ақ субұрқақ, «Отбасы» композициясы, перголалар мен балалар ойын алаңы қарастырылған.

Жаңа қоғамдық кеңістік Наурызбай ауданындағы тағы бір жайлы демалыс орнына айналып, көгалдандырылған аумақтардың көлемін арттырады.

Қазіргі уақытта көркейту жұмыстары аяқталып келеді. Саябақ жақын күндері ашылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz